ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 866 >> Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім, Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің, Сол үкі азар болса жүз теңгелік, Көңілімді қалдырып зар еңіреттің.
867 >> Қараймын жабығымнан қудай бойлап, Ұйқы жоқ күндіз-түні бір сені ойлап, Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Өмірді өткізейік күліп-ойнап.
868 >> Жан қалқа, кете көрме серттен тайып, Жүремін сені көрсем көңілім байып, Жас жастың тілегі бір деген сөз бар, Тезірек жауабын бер болмас айып.
869 >> Бешпентім бар үстімде тайға алғандай, Қадірім бар сәулеме ойға алғандай, Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, Менің сәулем болады бәйге алғандай.
870 >> Хат жазамын қағазға қалам басып, Нұр жүзіңді көргенде болдым ғашық, Сыртым бүтін бұл күнде, ішім жалын, Асыл еді сүйегім, кетті жасып. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
