Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

861 >>

Алтын басың болғанда, мақпал шашың,

Қаламменен сызғандай қиғаш қасың,

Мұндай сымбат тұрғанда бір өзіңде,

Жабыттамай ауылыңды кім шыдасын.

 

862 >>

Көз алдымда ақ жүзің күлімдейді,

Бір өзіңнен басқаға білінбейді,

Сен есіме түскенде, ей, қалқатай,

Ұзақ таңға көзім бір ілінбейді.

 

863 >>

Сен енді, сенсең еді, сенсін десең,

Не етеді сәлем деп сен келсін десең,

Бар дейді жан қалтаңда жарты мейіз,

Не етеді, бүтін беріп жесін десең.  

 

864 >>

Сен енді, сенсең еді, сенейінші,

Зар илеп ақ боз аттай желейінші,

Жеріңді уағдалы айтып қойыш,

Кезінде уәделі келейінші.

 

865 >>

Шаба алмас арғымақ ат тер қатқан соң,

Көрген жер көз жаздырар ай батқан соң,

Мәңгілік достық жүрек деуші-ақ едім,

Қайтейін көңіл шіркін бір қатқан соң.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/08/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: