ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 856 >> Көзге түсер ер салсам бай көк дөнен, Аралайын ауылыңды тай көкпенен, Бірге жүріп, бірге өскен, беу, қалқатай, Сағынғанда қараймын әйнекпенен.
857 >> Жорғалайды көк ала малдың басы, Етекке саудыраған сайдың тасы, Кеткенде ауылың алыс, әй, қарағым, Көл болар омырауға көздің жасы.
858 >> Ақ тісің аузыңдағы маржан тісің, Болар ма мұндай душар сүйген кісім, Сүйкеніп сүйген кісім өте шықса, Қазандай қатты от жаққан қайнайды ішім.
859 >> Шыт шұлғау, шүберек байпақ, кәзелі етік, Мәскеуден кидім бешпент дөңгелентіп, Даусыңды естігенде бұлбұл құстай, Қараймын жан-жағыма елең етіп.
860 >> Жан қалтама салғаным он екі құрт, Қалқатайдың ауылын көрдің бе жұрт, Қалқатайдың ауылын көрген болсаң, Сүйіншіге берейін орамал шыт. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
