Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

851 >>

Бір келдім, екі келдім, үшке дейін,

Көтерші, тамағыңнан иіскелейін,

Мойныңды аққу-қаздай бұрып тастап,

Жаныңда жатар ма едім түске дейін.

 

852 >>

Ақ көйлекті кимедім бөз болар деп,

Ойын-тойға бармадым сөз болар деп,

Таза сақтап бойымды жүрдім жалғыз,

Бір перизат өзіңдей кез болар деп.

 

853 >>

Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,

Ынта-зарым құриды сен дегенде,

Алты айшылық жолыңа азық болар,

Сірне татыр сілекей шөлдегенде.  

 

854 >>

Өнерпазға немене өлең деген,

Ауыздығын шайнайды өнен деген,

Ауылың алыс кеткенде, беу, қалқатай,

Жүрісіңді сағынам көлеңдеген.

 

855 >>

Хан тауының бауырында қарға жүрер,

Қара жолмен шиқылдап арба жүрер,

Біте қайнап, бірге өскен, қарағым-ай,

Сағынып шыбын жаным зорға жүрер.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/06/2026)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: