Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

846 >>

Дәйім менің мінгенім сұрша құнан,

Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан,

Шын көңіл, шын пейілің менде болса,

Табысайық ауылдың сырт жағынан.

 

847 >>

Дәйім менің мінгенім ала құнан,

Ала құнан үркеді балағымнан,

Шын көңіл, шын пейілің менде болса,

Табысайық дариясағағынан.

 

848 >>

Дәйім менің мінгенім құла бесті,

Айналып Сарыарқаны ауылым көшті,

Есіме сен түскенде, сүйген сәулем,

Езіліп іші-бауырым жерге түсті.  

 

849 >>

Дәйім менің мінгенім торы құнан,

Торы құнан ақсайды тобығынан,

Шын көңіл, шын пейілің менде болса,

Табысайық Ақсайдың қорымынан.

 

850 >>

Дәйім менің мінгенім сары құнан,

Сары құнан үркеді сауырынан,

Шын көңіл, шын пейілің менде болса,

Табысайық, қалқатай , ауылыңнан.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/05/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: