Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

841 >>

Дәйім менің мінгенім ала құнан,

Қыздардың жел соғады балағынан,

Шортандай шабақ қуған шөпілдетіп,

Сүйер ме ем сол қалқаның тамағынан.

 

842 >>

Дәйім менің мінгенім боз көк ала,

Сала алмас біздің әнге өзге бала,

Арадан қыл өтпейтін қимас қалқа,

Барамын аулыңа сізге бола.

 

843 >>

Дәйім менің мінгенім құла бөрте,

Құйрығы ұзын бөртенің жалы келте,

Төстен қашқан түлкідей шұбалаңдап,

Әріптестің қойнынан тұрсам ерте.  

 

844 >>

Дәйім менің мінгенім сусыл сары,

Сусылдар шапқан сайын аттың жалы,

Кеткенде ауылың алыс, екі-ай қалқам,

Болмайды бір өзіңдей жанның бәрі.

 

845 >>

Дәйім менің мінгенім алқара көк,

Қара көкке қададым үкілі шоқ,

Құба жонға құлазып шыға келсем,

Жұртың жатыр қарайып ауылың жоқ.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (18/05/2026)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: