Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

836 >>

Көрінер кісем сұлу бауы ұзыннан,

Арылар түйсе тары қауызынан,

Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым,

Жетер ме айтсам сәлем ауызымнан.

 

837 >>

Көрінер кісем сұлу шығыршықтан,

Өзіңді жақсы көрдім бір қылықтан,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Жетер ме айтсам сәлем бұлдырықтан.

 

838 >>

Дәйім менің мінгенім көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік,

Жерің шалғай кеткенде, құрбыластар,

Осы әніме сала жүр төгілдіріп.  

 

839 >>

Дәйім менің мінгенім құла қасқа,

Таудан соқпақ салдырдым құламасқа,

Ауылың алыс кеткенде, құрбыластар,

Бет орамал беріп кет жыламасқа.

 

840 >>

Дәйім менің мінгенім шұбалаң кер,

Қос сақина қолымда бұрама зер,

Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым,

Көзге күйік болады ойнаған жер.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/05/2026)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: