Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

831 >>

Көрінесің көзіме егіндей боп,

Егіннің желкідеген көгіндей боп,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.

 

832 >>

Көрінер кісем сұлу оқшантайдан,

Қалқаны жақсы көрем кішкентайдан,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай,

Жетер ме айтсам сәлем күйкентайдан.

 

833 >>

Көрінер кісем сұлу дөңгелектен,

Қалқатай, жақсы көрдім бір бөлектен,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Жетер ме айтсам сәлем көбелектен.  

 

834 >>

Көрінер кісем сұлу құймасынан,

Бір сөзді айта салдым қимасынан,

Бергенде өзің көңіл, қалқатайым,

Жалғанда құс ұшырман бір басыңнан.

 

835 >>

Көрінер кісем сұлу маржандаған,

Маржаны түсіп қалып арзандаған,

Мен саған жастайымнан құмар едім,

Бар болса айтып қалшы, айтар маған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/05/2026)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: