ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 826 >> Әуеден ұшып жүрген ала қаздай, Айырылған үйірінен бала қаздай, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Нәр татпан сені ойлап ала жаздай.
827 >> Әуеден ұшып жүрген ақ кекілік, Үзді ғой шідерімді ат секіріп, Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай, Үш тұрып, үш отырдым қатты өкініп.
828 >> Әуеде ұшып жүрген ұлар ма екен, Баласын атып алсам жылар ма екен. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Өлеңге өстіп қоссам ұнар ма екен.
829 >> Әуеде ұшып жүрген қара инелік, Ұшады қара инелік зар иленіп, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Қалды ғой қабырғама қан иленіп.
830 >> Әуеде ұшып жүрен сары ала қаз, Айдын көлдің ортасы көкорай саз, Сен іздесең, қалқатай, мен сұраған, Күліп-ойнап қалайық бір-екі жаз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 13 | |
| Всего комментариев: 0 | |
