Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

821 >>

Үстімде бір бешпентім батысайын,

Қалқатай, таныс еді барлық жайың,

Жеріңді уағдалы айтып қойшы,

Іздеп барып өзіңмен танысайын.

 

822 >>

Үстімде бір бешпентім қынамалы,

Бір өлең айтып қалдым сынағалы,

Бергенде өзің көңіл, қалқатай-ау,

Жас келді қара көзге жылағалы.

 

823 >>

Үстімде бір бешпентім ыдыраптан,

Жоғалмас байдың малы қыдыр баққан,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Танимын әуезіңнен сылдыр қаққан.  

 

824 >>

Үстімде бір бешпентім дүриядан,

Ұшырдым екі сұңқар бір ұядан,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Жетер ме айтсам сәлем зымиядан.

 

825 >>

Әуеде ұшып жүрген көкек деген,

Бауырында балапаны секектеген,

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айырылып қалқатайым кетед деген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/04/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: