ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 816 >> Біздің ауыл Кегеннің төрінде отыр, Өзің көрген баяғы жерінде отыр, Шыныменен көңілің менде болса, Сағат сайын көзіме көрін де отыр.
817 >> Құлағыма салғаным күмбір сырға, Күмбірлетіп шығамын күнде қырға, Сағынғаннан сарғайып, аңсағанда, Бір өзіңді қосамын ән мен жырға.
818 >> Құлағыма таққаным алтын сырға, Өзіңді іздеп шығамын күнде қырға, Сағыныштан сарғайып тыным таппай, Бір өзіңді қосамын ән мен жырға.
819 >> Құлағыма салғаным алтын сырға, Таң алдында шық тиер балтырыма, Уәденің құлы боп жүрмін күтіп, Сәлемімді айта бар жарқыныма.
820 >> Үстімде бір бешпентім қыл қарадан, Түймесін інжу-маржан қыз қадаған, Кеткенде ауылың алыс, қалқатайым, Даусыңнан айналайын ызбалаған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | |
| Всего комментариев: 0 | |
