ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 811 >> Базардан алып келген білте шам-ай, Бидай өңді ақ құба құдашам-ай, Сірә, менің көңілім басылар ма, Сақиналы қолыңнан ет асамай.
812 >> Базардан алып келген қызыл кіліт, Шығады күн батарда қызыл бұлыт, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Елесің көз алдымнан болмас ұмыт.
813 >> Базардан алып келген темір шелек, Ойнаған мен күлгенің жаннан бөлек, Ауылың алыс кеткенде, уай, қарағым, Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.
814 >> Зергер бұйым соғады қалайыдан, Аққан тері сорғалап самайынан, Көңіліңе бір сенің қараймын деп, Сендейлердің айрылдым талайынан.
815 >> Біздің ауыл ақсайдың қақ басында, Күміс жүген жарқылдар ат басында, Көңілің шыныменен болса менде, Жанат ішік жамылып жат қасымда. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | |
| Всего комментариев: 0 | |
