ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 806 >> Қолымда бір қамшым бар жез бауырдан, Кірсем шыққым келмейді қызды ауылдан, Ауылың алыс кеткенде, қарағым-ай, Жақсы көрдім өзіңді бір бауырдан.
807 >> Қолымда бір қамшым бар алтындаған, Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған, Сексен қыз серуенге шықса-дағы, Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.
808 >> Қолымда бір қамшым бар өрілмеген, Біреуге өріп бер деп берілмеген, Жөніңді айтшы, қалқатай, танысайық, Қандай жансың көзіме көрінбеген.
809 >> Қолымда бір қамшым бар ырғайдан сап, Өтпесе қойың судан құрғайлап бақ. Сарғайып сені тосып отырғанда, Келмесең дәл сол күні құдайдан тап.
810 >> Қолымда бір қамшым бар таспалаған, Атыма жүген салдым қасқалаған, Бергенде өзің көңіл, әттең, қалқа, Көремін өзіңді артық басқа жаннан. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
