Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

801 >>

Жылқыда екеу едік сыбызғылы,

Салдырмас нелер күйге қыз қылығы,

Көңілің шыныменен менде болса,

Терең сай үйдің арты тобылғылы.

 

802 >>

Жылқыда ұстатпайды мұз көк ала,

Сала алмас осы әніме өзге бала,

Қыл өтпес арамыздан тату едік,

Айырылдық арадағы сөзге бола.

 

803 >>

Жылқы деген мал жақсы аман болса,

Жігіт неге бағады жаман болса,

Өзіңді ойлап, жан сәулем, жүргенім ғой,

Ат үстінде көңілім алаң болса.  

 

804 >>

Жылқыда ұстатпайды ұзын құла ат,

Өзеннің екі жағы малға суат.

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Сала жүр осы әніме дәтке қуат.

 

805 >>

Қолыңа кездік бердім май тура деп,

Қолыңды кесіп алмай жай тура деп,

Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де,

Ауылы ақ еркенің қай тура деп.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (16/03/2026)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: