ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 796 >> Жылқыда екі торы сор жалаған, Аяғын ақсай басып жорғалаған, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Қойныма көзім жасы сорғалаған.
797 >> Жылқысы біздің елдің ала мойын, Су ішіп айдын көлде салады ойын, Сүйеніп тал құрыққа тұрғанымда, Қалқада әрқашанда болады ойым.
798 >> Жылқы бақтым сары жон белесіне, Етектегі түседі ел есіме, Сары белден шырқаған даусымды естіп, Сүйген сәулем, қасыма келесің бе?
799 >> Жылқымды айдап салдым шөпті көлге, Жаюшы ек үкі тағып бесті керге, Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым, Бармайды айтуға аузым кетті дерге.
800 >> Жылқы ішінде жүрелік домбыра алып, Бір шеберге тиегін жондыралық, Шын көңіл, шын пейілің менде болса, Екі ауылды бір жерге қондыралық. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
