ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 791 >> Мінгенім дәйім менің құла құнан, Үркеді құла құнан құлағынан, Шынты пейілің, шын көңілің менде болса, Табысайық ақ жардың бұлағынан.
792 >> Мінгенім дәйім менің ала құнан, Үркеді ала құнан саяғынан, Көңілің шыныменен менде болса, Кездесейік бұлақтың аяғынан.
793 >> Жылқы бақтым айқайлап қысы, жазы, Қалқамның құлағымда айтқан назы, Шалқыған дарияға қанат қағып, Сен едің ерке жүзген қоңыр қазы.
794 >> Жылқыда ұстатпайды қара бедеу, Шөп шығар тақыр жерге елеу-селеу, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Дегенің «қош-есен бол» о да медеу.
795 >> Жылқыда ұстатпайды сұлу сары, Кетпейді қысы-жазы жонның қары, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Өтпейді тамағымнан жалғыз тары. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | |
| Всего комментариев: 0 | |
