ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 786 >> Мінгенім дәйім менің торы құнан, Торы құнан ақсайды тобығынан, Шыныменен көңілің менде болса, Жолығайық ауылдың қорығынан.
787 >> Мінгенім дәйім менің қасқа құнан, Қыздардың сақта құдай асқағынан, Шыныменен құласа көңіл шыркін, Жолығайық ауылдың тастағынан.
788 >> Мінгенім астымдағы құла қасқа, Айтамыз амандықты мал мен басқа, Құламен құйқылжытып салдыртқанда, Көз қырын жіберуші ем замандасқа.
789 >> Мінгенім дәйім менің қасқа тайым, Қасқа тайдан мінбеймін басқа тайын, Беріп кет кетеріңде бір белгіңді, Дәтке қуат етейін қалқатайым.
790 >> Мінгенім дәйім менің күрең дөнен, Қашады төстен түлкі сүмеңдеген, Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып қалқатайдан жүрем деген. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 3 | |
| Всего комментариев: 0 | |
