ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 781 >> Ауылым биік таудың ашасында, Белгісі жүйрік аттың шашасында, Менімен хат алаысып, хат берісіп, Бір күні уәде беріп қашасың ба?!
782 >> Ауылым көшіп барып бел асады, Бір жақсы бір жақсыға жанасады, Кеткенде ауылың шалғай, ей, перизат, Өлеңді не деп айтсам жарасады.
783 >> Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып, Қолыма бір солқылдақ шыбық алып, Сенімен бір ойнасам мен ойнаймын, Мойнымды боз жорға аттай бұрып салып.
784 >> Көшкенде жылқы айдаймын белеңменен, Қара көз өзі сұлу дөненменен, Кеткенде жерің шалғай, әттең, құрбым, Жүремін сені жоқтап өлеңменен.
785 >> Көшкенде жылқы айдаймын белеңменен, Қара көк белі сұлу дөненменен, Кеткенде ауылың шалғай, беу, қарағым, Жүрейік хабарласып өлеңменен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
