Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

776 >>

Аулым көшіп барады Алмалыға,

Ой бөлмеймін шын істің жалғанына,

Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам,

Жетер ме екен қол созған арманына.

 

777 >>

Ауылым көшіп барады Алмалыға,

Кім көнбейді тағдырдың салғанына,

Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам,

Кетер ме екен біреудің қармағында.

 

778 >>

Ауылым көшіп барады көлмекөлге,

Көлмекөл алыс дейді көрмегенге,

Түскенде сен есіме, ей, қарағым,

Үремін әрең шыдап өлмегенге.  

 

779 >>

Ауылым көшіп барады Құмайкөлге,

Дүрия бешпент жарасар қынай белге,

Ауылың шалғай кеткенде қимас қалқам,

Мені ойлап, жан қалқам, жылай көрме.

 

780 >>

Ауылым көшіп барады Ылайкөлге,

Дүрия бешпент жарасар қынай белге,

Қайран жар қайта айналып қосылмай ма,

Айналайын көзіңнен жылай көрме.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/02/2026)
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: