ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 771 >> Ауылым көшіп барады Ылайкөлге, Дүрия бешпент жарасар қынай белге, Жақсы жігіт жалғанда жалғыз ба екен, Айналайын көзіңнен жылай берме.
772 >> Қосақтың басы болар жебей саулық, Жарасар келіншекке жібек жаулық, Жүрейін айнала ұшып аспаныңда, Ұшыршы тұғырымнан мені баулып.
773 >> Тоқым салсам жарасар тел күреңге, Сіз кеткен соң телмірдім мен біреуге, Сағынғаннан төрт болып екі көзім, Қарайғанға қадалып телміруде.
774 >> Ауылыңның қонысы Белтұрғанда, Шөптің басы қимылдар жел тұрғанда, Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің, Қайда кетіп барасың мен тұрғанда.
775 >> Ауылым көшіп барады Сарымсаққа, Шыбын жан шықпайды екен сағынсақ та, Келмеді қыста хабар, жазда хабар, Сарғайып елесіне табынсақ та. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
