ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 766 >> Ауылымның қонғаны ала татыр, Оқтай зулап дүние бара жатыр, Ауылыңның тұсынан ән салғанда, Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.
767 >> Ауылым көшіп барады Сарымсаққа, Қой айдаттым базарға алымсаққа, Ауылың алыс кеткенде, ей, қалқатай, Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та.
768 >> Ауылым көшіп барады ылайкөлге, Жарасар дүрия бешпент қынай белге, Кеткенде ауылың алыс, құрбыларым, Құшақтап құс жастықты жылай көрме.
769 >> Ауылымның қонғаны тастақ төбе, Бір сәлем сағынғаннан айттым неге? Бірге өскен кішкентайдан, беу, қарағым, Жүргені өзімсініп қандай неме!
770 >> Ауылымның мекені ой ма, қыр ма, Қонады бұл жайлауға қайтқан тырна, Түскенде мен есіңе, ей, перизат, Шырқап сап, осы әніме қолың бұлға. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
