Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

761 >>

Астыма мінген атым шым жиреннен,

Қатқылға мал тоқтамас құмға үйренген,

Қалқатай, әрі отырмай, бері отыршы,

Мен байғұс жастайымнан қызға үйренген.

 

762 >>

Қара таудың басына қарай жүрдім,

Ақ баржаны басыма орай жүрдім,

Келеді деп бұл жаққа естіген соң,

Әрбір күнін тәңірдің санай жүрдім.

 

763 >>

Қара су есік алды өткелі жоқ,

Суынан өткелі жоқ өткенім жоқ,

Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам,

Басқаға көңіл бұрып кеткенім жоқ.  

 

764 >>

Қара су есік алды өткелі жоқ,

Жерінен өткелі жоқ өткенім жоқ,

Жүректен шын сүйіскен тату сәулем,

Жерімнен уәделі кеткенім жоқ.

 

765 >>

Ауылымның қонғаны Қаратал-ды,

Қарай-қарай жолыңа көзім талды,

Пида қылып жолыңа арнар едім,

Сенің үшін, жан сәулем, шыбын жанды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/01/2026)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: