Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

756 >>

Қара су есік алды лай-ау деп,

Қолымды сермей салдым былай-ау деп,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Үш тұрып, үш отырдым, құдай-ау, деп.

 

757 >>

Қара су есік алды өткелі жоқ,

Суынан өткелі жоқ өткенім жоқ,

Шет болсаң бір құдайға өзің шет бол,

Ешқайда сені тастап кеткенім жоқ.

 

758 >>

Қара су есік алды балдыры бар,

Атыңды балдырынан шалдырып ал,

Көңілің шыныменен менде болса,

Ұйқыңды ерте жатып қандырып ал.  

 

759 >>

Қара шашым келмейді қайыруға,

Не демейді қас-дұшпан айыруға,

Десе десін қас-дұшпан айыруға,

Тел қозыдай шығайық жайылуға.

 

760 >>

Қара көз қарай бердің дүркін-дүркін,

Көзімді қарықтырды сенің көркің,

Шашыңнан бір-бір талдап сүйер едім,

Қайтейін жетпейді ғой ғұмыр шіркін.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/12/2025)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: