ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 751 >> Көзіңнен, айналайын, телміруі-ай, Суындай тас бастаудың мөлдірім-ай, Ішінде шаршы топтың жарқ-жұрқ еткен, Айшықты Алатаудай белгілім-ай.
752 >> Көзіңнен айналайын күлімдеген, Оғаштық тал бойыңнан білінбеген, Мінезің неткен жақсы майда қоңыр, Сыртыңнан көрген адам «күнім» деген.
753 >> Көзіңнен айналайын жайнап тұрған, Өлеңге бұлбұл құстай сайрап тұрған, Жігітке бұл жалғанда арман болмас, Бұралтып бір өзіңмен ойнап тұрған.
754 >> Көзіңнен айналайын оймылдаған, Не сақтап, нені қалқа қойдың маған, Қарағым, қандай жанды жарылқайсың, Пенде жоқ бір өзіңнен ой қылмаған.
755 >> Көзіңнің айналайын қарасынан, Қасыңның хат жазайын арасынан, Үстіңнен асыл бешпент шешіп берген, Қолыңнан айналайын саласынан. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | |
| Всего комментариев: 0 | |
