ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 746 >> Көзіңнен айналайын күлімдеген, Артыңнан басқан ізін білінбеген, Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айрылып сенен, сәулем, жүрем деген.
747 >> Көзіңнен айналайын, аймалайын, Қолыңа ақ сағаттай байланайын, Бергенде өзің көңіл, ей, қалқатай, Иіскеп ақ төсіңнен аймалайын.
748 >> Көзіңнен айналайын, қалқатайым, Келмейді сенсіз жерде менің жайым, Гүл жайнап көз алдымда сен тұрғанда, Басқаның күн мен айын не қылайын.
749 >> Көзіңнен айналайын күлімдеген, Тал бойынан ешбір мін білінбеген, Көңіліме ұялап көгершіндей, Жатсам көзім түн бойы ілінбеген.
750 >> Көзіңнен айналайын күліп тұрған, Жағдайды айтқызбай біліп тұрған, Тәңірге күндіз-түні айтам алғыс, Кезінде бір өзіңмен жолықтырған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
