ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 741 >> Құрбым-ау, серттеселік, серттеселік, Сақтаса серттен құдай ептеселік, Көңілің, сірә, бізде болса егер, Тасындай диірменнің беттелселік.
742 >> Ой қалқа, қиғаш қасың қиылып тұр, Бетіңе нұрлы сәуле жиылып тұр, Гүл атқан қырмызыдай қызыл ерін, Сүюге қандай жанға бұйырып тұр.
743 >> Қос құрбы біз дегенде әнге салғай, Аулыңа жете алмаймын жерің шалғай, Сағынып бір өзіңді жүргенімде, Болмаса әнге қосып есіңе алғай.
744 >> Құрбы сәні келмейді ойнап-күлмей, Қыздың сәні келмейді барша кимей, Алыстағы махаббат арман болар, Екі ғашық сырласып бірге жүрмей.
745 >> Құрбым-ау, сен үйдесең, мен бүйдейін, Суына жүгерінің нан илейін, Кеткенде ауылың алыс, беу, қалқатай, Түйедей ботасы өлген зар илейін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
