Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

736 >>

Қарағым, айналайын, көзіңізден,

Аузыңда мың ділдалық сөзіңізден,

Бағана бағаласам жан жетпейді,

Садаға жиырма бес қыз өзіңізден.

 

737 >>

Қарағым, сен ар жақта, мен бер жақта,

Ойнайды торы арғымақ тал шарбақта,

Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,

Сенімен қосылсам деп жастық шақта.

 

738 >>

Қарағым, айналайын, қарадым-ай,

Шашыңды қос бұрымдап тарадың-ай,

Айырылып сенен, еркем, қалғаннан соң,

Бурадай қаңтардағы жарадым-ай.  

 

739 >>

Қарағым, көркің сенің көктемдейін,

Жетпесең уағадаңа өкпелеймін,

Осыдан қол ұстасып бір кетпесең,

Жас жүрек жұбанбайды көпке дейін.

 

740 >>

Қарағым, төмен қарап назданасың,

Кім білсін қуаныштың азғанасын,

Қосылса екі ғашық бір жерге егер,

Жүректің бітірмей ме сан жарасын.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/11/2025)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: