ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 731 >> Қарағым, айналайын, қандай едің, Құрбыңның өзің теңдес маңдайы едің, Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта, Қол жеткен мұратыма жандай едім.
732 >> Қарағым, айналайын, қырғи қабақ, Сен едің суда жүзген алтын шабақ, Салсам да күміс қармақ ілінбейсің, Қайтейін қылығыңды, беу, ақтамақ.
733 >> Қарағым, айым да сен, күнім де сен, Қасқа тісің ақсияр күлімдесең, Ай мен күндей жанымда сен жүргенде, Ауыт басып, адасып сүрінбес ем.
734 >> Қарағым, айналайын, ұтымыңнан, Құмырсқа бел үзілген мықыныңнан, Бағаласам бағаңа жан жетпейді, Қандай жанның жаралдың тұқымынан.
735 >> Қарағым, айналайын, қасың керік, Мал болсаң алар едім бәсін беріп, Мен саған басыбайлы бол демеймін, Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
