ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 726 >> Қалқатай, ойым бөлек сен дегенде, Сен қандай күйде екенсің мен дегенде, Тіліңнен аузыңды ашып бір сүйгізсең, Болар-ау мың күн сусын шөлдегенде.
727 >> Қалқатай, сен дегенде қандай болдым? Байланған атып бөкен сондай болдым, Кеткенде ауылың алыс, жерің шалғай, Айрылған үйірінен қаздай болдым.
728 >> Қалқатай, келдің қайдан, кеттің қайдан, Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Жетер ме айтсам сәлем тұрымтайдан.
729 >> Қалқатай, сен ар жақта, мен бер жақта, Шұлғиды кер арғымақ бау шарбақта, Қолымда құнан атан шүйіншім бар, Ауылы қалқатайдың дәл қай жақта.
730 >> Қарағым, айналайын, асылым-ай. Ойнар ма едім асылмен асылып-ай, Ойнай қалсам асылмен асылып-ай, Қалсын ақша төсекте шашылып-ай. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
