ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 721 >> Айналайын, қарағым, хал жақсы ма? Сала берме көзіңді бар жақсыға, Сала берсең көзіңді бар жақсыға, Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.
722 >> Айналайын, ақ жүзің айдан аппақ, Сендей жанды ер жігіт қайдан таппақ, Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап.
723 >> Қалқатай, неге отырсың, өлеңдетпей, Өлеңдетіп қалайық заман өтпей, Гүл жазыңның барында ойна да күл, Албыраған ақша бет нұры кетпей.
724 >> Қалқатай, сен дегенде болдым ынтық, Арадағы дұшпанға тисін мылтық, Қағидаңа берік бол мен сендікпін, Көре алмаған көп дұшпан жүрсін сүйтіп.
725 >> Қалқатай, сен дегенде неден жаздым, Сабағын сары қурайдың белден қаздым, Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай, Сарғайып сағынғаннан өлең жаздым. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
