ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 716 >> Айналайын, жарқыным, асылым-ай, Сөйлеспедім жақындап қасыңызға-ай, Өзің жазған хатыңды қазір тұтып, Салып жүрмін жаныма жасырын-ай.
717 >> Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен, Кім бар еді арада сағат жеткен. Дүниеде не маңғаз туса-дағы, Теңгермеймін ізіңе басып кеткен.
718 >> Айналайын көзіңнен көлгірім-ай, Тас бұлақтың суындай мөлдірім-ай, Шаршы топтың ішінен таңдап алған, Асқар таудай айшықты белгілім-ай.
719 >> Айналайын атыңнан асыл затым, Жарасқан тал бойыңа, сәулем, затың, Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам, Келмеді-ау бір жапырақ жазған хатың.
720 >> Айналайын, қарағым, қара қасым, Қос иықта бұралған қолаң шашың, Өзіңменен бір болсам бұл өмірде, Болады ғой бақытты менің басым. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
