ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 712 >> Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, Армандамын ауылыңа бармағанға, Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Ойнап-күліп мейірім қанбағанға.
713 >> Өлең айтқым келмейді ерінгенде, Бойым байсал тартады керілгенде, Жерден алтын тапқандай қуанамын, Қалқатайдың төбесі көрінгенде.
714 >> Өлең десе таңдайым тақ етеді, Ақ тайлақ үй артында бақ етеді, Ішіне қараңғы үйдің кіріп барсам, Маңдайы қалқатайдың жарқ етеді.
715 >> Өлеңімнің басы еді айда-сайда, Жігітке бір өткен соң дәурен қайда, Хат-хабарсыз, қалқатай, қайда кеттің, Айрылмаймын дейтұғын сертің қайда. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
