БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 706 >> Қай жалған? Мына жалған – пәни жалған, Жалғанның көбі кетіп, азы қалған, Барында тіршіліктің ойна да күл, Күлмеген-ойнамаған қапыл қалған.
707 >> Ақ үйдің ат байладым кермесіне, Ешкімнің көз салмаймын бермесіне, Барында тіршіліктің ойна да күл, Мен кепіл сұм жалғанның келмесіне.
708 >> Боз аттың, бойдай тал-ай, бой денесі, Адамның қолқа-жүрек – жан денесі, Артына өлген адам қарамайды, Қара жер бауыры суық әлденесі.
709 >> Ана тау мына таумен төте шығар, Пышаққа ұста соққан жете шығар, Барында тіршіліктің ойна да күл, Сұм жалған баяны жоқ өте шығар.
710 >> Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте, Екі он бес қосылса тең келмес пе, Қалқатайдың бергені жарты мейіз, Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.
711 >> Қалтаңда бет қарайтын айнаң болсын, Алдайтын он бес қызды хайлаң болсын, Қаншама күйдім-сүйдім десең-дағы, Жігітке өз жарындай қайдан болсын. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
