БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 701 >> Сөйлей бер, қызыл тілім, сен де өлерсің, Жібіндей машинаның дөңгелерсің, Барында тіршіліктің ойна да күл, Киіп ап ақ көйлекті жөнелерсің.
702 >> Дұрысы қой ішінде ісек-тұсақ, Туралса қойдың еті болады ұсақ, Атасы атамыздың өлеңші екен, Болайық біз де өлеңші солар құсап.
703 >> Түлкісі бұл тепсеңнің қызыл түлкі, Адамды жалықтырмас ойын-күлкі, Биікке ойда тұрып қол сермеймін, Болсын деп көңіл шіркін көтеріңкі.
704 >> Жігітке сулық қандай сұр шекпендей, Мінезі кей жаманның тай тепкендей, Барында оралыңның ойна да күл, Боларсың әлі-ақ бір күн су сепкендей.
705 >> Дүние ойлап тұрсам жалған екен, Ғаламды он сегіз мың алған екен, Жібіндей машинаның қайран әнім, Шалдығып шапқан аттай қалған екен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
