Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

696 >>

Буындым белбеу алып белім үшін,

Мал түсер барымтаға елім үшін,

Артыңнан арма десем қарамайсың,

Кетейін өлең айтып көңілің үшін.

 

697 >>

Сары маңыз, жаным-ау, сары маңыз,

Сарғайып сары майдай қалар аңыз,

Көпшілік, қоштасқалы келіп едік,

Көргенше, көріскенше арымаңыз.

 

698 >>

Жаным-ау, қайын сінер, қайын сінер,

Қайрылып қара інгенді тайлақ емер,

Бас қосып өңшең жақсы отырғанда,

Жаман адам ортаға қайтіп сіңер.  

 

699 >>

Естен кетпес етікпен су ішкенім,

Жауқазындай жарыап бірге өскенім,

Жаманменен сан ойнап, сан күлгенім,

Өзіңменен бір ауыз тілдескенім.

 

700 >>

Сөйлей бер, қызыл тілім, жақ барында,

Басында таудай талап, бақ барында,

Барында оралыңның ойна да күл,

Тәңірім өзі білер сақтарын да.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/09/2025)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: