БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 691 >> Тауып алдым аққудың жұмыртқасын, Менен сәлем айта бар ұмтыпасын, Бірге өткізген күндерді есіне алып, Менен басқа ешкімді жуытпасын.
692 >> Қарағым айналайын, өкпем деймін, Естісем жаман атың өкпелеймін, Осыдан бірге жүріп кетсең бөлек, Сағыныш басылмайды көпке дейін.
693 >> Бойдай-тал-ай, шіркін-ай, болған басым, Боз биенің сүтіне жуған шашым, Қыз да болса біреудің еркесі едім, Енді кімге қор болдың әзіз басым.
694 >> Дүние өтіп жатыр құмай қудай, Ақ бетке ажар кірмес сүтпен жумай, Бірге өскен құрбы-құрдас жүрсің қайда? Қанатын қайшылаған аппақ қудай.
695 >> Екі ауылдың ортасы қамыс-пішен, Қу жаманнан, дүние-ай, қашан кетем, Қу жаманнан, дүние-ай, кетер едім, Аяғыма сен болдың алмас кісен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
