БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 686 >> Қазығұртты жағалай тас болады, Шын азамат үйіне бас болады, Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін, Ішім жанып, көзіме жас толады.
687 >> Ұлы жұртты жағалай тал болады, Ашылмаса көңілім дал болады, Қасіретті қайғысы басқа түссе, Айдын көлге үйрек-қаз зар болады.
688 >> Білте бермен, тағы да, білте бермен, Қолаң қара шашың бар күлтеленген, Көмекейің көсілген ақын болсаң, Қара дауыл өлеңді сілте бермен.
689 >> Ақ қалады, ендеше, ақ қалады, Аттың басқан жерінде дақ қалады, Оралыңның барында ойна да күл, Өлгеннен соң саудырап жақ қалады.
690 >> Ана беттен жол еді мына бетке, Сөйлеспедім өзіңмен шығып шетке, Қайсыбірін айтайын ай-ау, сәулем, Енді кетіп барасың тұрмай сертке. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | |
| Всего комментариев: 0 | |
