БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 676 >> Қияның қияласа қиясы бар, Етекте орып алса миясы бар, Көңілді көтерейік бас қосқанда, Өлеңнің таңдайымда ұясы бар.
677 >> Мен өзім ақын емес, өрнек едім, Дидарын жақсылардың көрмек едім, Жиылып үлкен-кіші бас қосқанда, Азырақ тамашалап бермек едім.
678 >> Көгілдірік ендеше көгілдірік, Көк дөненге жарасар өмілдірік, Бізге салған қолқаңыз өлең болса, Біз айтайық өлеңді төгілдіріп.
679 >> Жезім деймін, ендеше, жезім деймін, Өлең айтып отырған өзім деймін, Айтар болсаң өлеңді бүгін айтқын, Бүгіннен соң келмейді кезім деймін.
680 >> Дүние өте шығар басымыздан, Бала едің әдеп көрген жасыңыздан, Он бес пен жиырманың арасында, Кетпейді келген құрбы қасыңыздан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | |
Всего комментариев: 0 | |