Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

671 >>

Қаймақ жоқ қара суда – мұз болмаса,

Бейқуат қойдың еті, тұз болмаса,

Солқылдап екі шекем жүре алмаймын,

Біреуі жолдасымның қыз болмаса.

 

672 >>

Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,

Мал жаяр Шопан-ата жаяулатып,

Астынан алты қырдың ән шырқасам,

Шыдайды қайтіп дәтің ояу жатып.

 

673 >>

Қарағым айналайын, айнам жақсы,

Тигізбе залалыңды, пайдаң жақсы,

Жаманның мінін айтсаң торсаңдайды,

Балқыған қорғасындай қайран жақсы.  

 

674 >>

Ала қарға дегенде, ала қарға,

Ауыл шалғай болған соң шара бар ма,

Жайлаудағы тойға кел жорғаменен,

Қой бақтырып қай-дағы балаларға.

 

675 >>

Келеді басы қайқы қабырғаның,

Көп болды айтқаныңнан аңырғаның,

Бірге өскен ойнап-күліп көз көрген ең,

Кісідей танымайтын неғылғаның.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/05/2025)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: