БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 661 >> Өлшеп берген бұл өмір өтеді де, Бізді тастап басқаға кетеді де, Алыс жерден сені іздеп келгенімде, Көз қиығың тастасаң жетеді де.
662 >> Ши кескенім, тағы да ши кескенім, Түрі әдемі болады шым кестенің, Дүниеде, жарқыным, аман болып, Олжа болар күлкімен күн кешкенің.
663 >> Ұшып жүрген әуеде ұлар ма екен, Атып алсам баласын жылар ма екен, Ауылың шалғай кеткенде қимас қалқам, Көздің жасын көл қылып тұрар ма екен.
664 >> Шаңырақты ұстайтын қызыл уық, Шеше байғұс бір табан қызға жуық, Садаққа салып атар қыз болмадық, Әкеге соның үшін болдық суық.
665 >> Демеймін алыстамын, шығандамын, Әйтеуір сен дегенде шығар жаным, Бұл тойға сен келді деп есіткен соң, Тыпыршып орнымда тұра алмадым. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |