Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

656 >>

Саусағың ақ жамбының күмісіндей,

Лебізің шын жұпардың иісіндей,

Жүрісің әсем сұлу көрінеді,

Жорғаның су төгілмес жүрісіндей.

 

657 >>

Ханның ісі түседі қарашаға,

Кілем түсі келісер алашаға,

Қабатыңа ала кет енді бізді,

Ауыл сәні өзіңсіз жараса ма!

 

658 >>

Алқызыл гүл деуші едім алқызыл гүл,

Қасың қара болғанда тілің бұлбұл,

Қартайған соң күн өтіп сәнің кетер,

Шамаң келсе, қалқатай, ойна да күл.  

 

659 >>

Айналайын тәңірім, пана бергей,

Көкірегім кең сарай қара жердей,

Өлең десе тартамын жер танабын,

Озып келген бәйгеден қара кердей.

 

660 >>

Асау аттың алдында ақыры бар,

Ақ теңгенің ішінде бақыры бар,

Сен қайдағы, құрбым-ау, мен қайдағы,

Епті болсаң қасыңа шақырып ал.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/05/2025)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: