Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

651 >>

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара шөлге қонып саңқылдаған,

Дегендер мен жақсымын толып жатыр,

Жақсылық өз басымен артылмаған.

 

652 >>

Тиын екен ендеше, тиын екен,

Жинай берсе тиынды бұйым екен,

Әрқашанда қиналмай той бастаушы ем,

Тойын бастау балалардың қиын екен.

 

653 >>

Сере шығар семізді сойғызған үй,

Табақ-табақ ет тартып, тойғызған үй,

Той жасапсыз сәрсенбі сәтті күні,

Тойыңыз құтты болсын той қылған үй.  

 

654 >>

Аспанда қыран бүркіт айналады,

Бозбала той дегенде сайланады,

Өлеңді шу дегенде қоя бермей,

Жақтары жамандардың байланады.

 

655 >>

Басыңда түлкі бөрік түбіттеген,

Болар ма сенен артық жігіт деген,

Ауылға осы тұрған бір келмейсің,

Түстің бе ақ сандыққа кілттеген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (28/04/2025)
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: