БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 646 >> Ажарың ақ түлкінің ажарындай, Жаманға салма, Құдай, назарымды-ай, Ауылыңнан қыз кеткен соң қызық кетер, Тарқаған Қояндының базарындай.
647 >> Жігіттер, неге отырсың өлеңдетпей, Қалыңдар өлеңдетіп заман өтпей, Қызығы бұл жалғанның ойнап-күлген, Бір шылбыр, екі тізгін қолдан кетпей.
648 >> Отырсың ағаш үйдің бөлмесінде, Жақсының иман тұрар кеудесінде, Жастығың бұл өмірде бір-ақ келер, Мен кепіл бір өткен соң келмесіне.
649 >> Ақ самаурын қайнайды шүмегі алтын, Қатар жүрген құрбыңмен болма салқын, Қатар жүрген құрбыңмен болсаң салқын, Бұрынғыдай болмайды көңілің жарқын.
650 >> Қарағайлы дегенде, қарағайлы, Қарағайлы көп жылқы аралайды, Жақсы-жайсаң осындай бас қосқанда, Бекер қарап отырған жарамайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | |
Всего комментариев: 0 | |