БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 641 >> Тал мен қайың, құрбым-ау, тал мен қайың, Саулық барда білмейсің ауру жайын, Қамшының сабындай тіршілікте, Ағызайық көмей мен тілдің майын.
642 >> Келеді айлар туып күңгірт болып, Қой өлер көктемеде қылқұрт болып, Жігіттер, жастық шақта ойна да күл, Қалармыз алгеннен соң жым-жырт болып.
643 >> Тағы да алтай қарсақ, алтай қарсақ, Көруші ед қыздар жақсы қартаймасақ, Бұ қыздар өздігінен кел демейді, Қасына түнде барып жантаймасақ.
644 >> Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң, Ойнайды қатар құрбы тең болған соң, Өлеңді осында айтпай қайда айтайын, Көңілді көтеретін жер болған соң.
645 >> Ұстағаным қолыма бұйда пышақ, Сәулем, сені көрдім де жайдық құшақ, Қасиетіңе мен сенің болдым риза, Айдын көлдің аққуы өзіңе ұқсас. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 6 | |
Всего комментариев: 0 | |