БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 636 >> Сен дегенде, сәулежан, ойым бөлек, Он жасымнан өлеңге болдым зерек, Бағаласам бағаңа жан жетпейді, Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.
637 >> Жарасар салсам тоқым боз тарланға, Көңілім орнықпай жүр сұм жалғанға, Сол көңілді тарқасын шері болса, Тарқар болса шырқатып ән салғанда.
683 >> Жыңғыл қайық, ендеше, жыңғыл қайық, Ауылында қыз бар ма бізге лайық, Аулыңда қыз болса бізге лайық, Екі ауылдың арасын із қылайық.
639 >> Көрінер ай астынан алтын кірпік, Жаманға жоламаймын бойым үркіп, Бойыңда мың теңгелік иіс майың, Жіберші ойнаған боп маған бүркіп.
640 >> Үлкен үйлер, ендеше, үлкен үйлер, Үлкен үйге жарасар тұтқан шилер, Үлкен де отыр бұл жерде, кіші де отыр, Қандай өлең айтайын аға-билер. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |