БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 631 >> Келдім ғой ат терлетіп талай жерден, Адамға ештеңе емес алған-берген, Ол жалғанның қызығы бейіш дейді, Бұл жалғанның қызығы тірі көрген.
632 >> Сөйлейін сөйле десең қалқам қалап, Жарасқан торғын шашқа алтын тарақ, Мен-дағы әдейі аңсап келіп едім, Бас қосқан мұндай сәтті құтқа балап.
633 >> Қызыл тілім сөйлеші бұлбұлдайын, Заман өтіп бараы жыл-жыл сайын, Қайратыңның барында қапы қалма, Жасытпай ма адамды құр уайым.
634 >> Айт десеңіз айтайын ән баяулы, Жарлы болар жігіттің жаны аяулы, Тіршілікте қалайық күліп-ойнап, Өтіп жалған барады күн санаулы.
635 >> Мен істеймін жұмысты өндірісте, Оңтай тапсаң жарасар әрбір істе, Озып шығып қатардан жүлде аламын, Мен сенемін бойдағы қайрат-күшке. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |