БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 626 >> Сұрасаң менің атым Қалқатаймын, Болсам да малға кедей, әнге баймын, Өкшесі қара етіктің қарыс сүйем, Болсам да өзім кедей, қыз таңдаймын.
627 >> Баяғыда бай өткен, жарлы да өткен, Жиырма бес басымыздан қарғып өткен, Жайраңдашы, жігіттер, тіршілікте, Мақсатына ойлаған әркім жеткен.
628 >> Қазығұрттың етегі тас болады, Шын азамат үйіне бас болады, Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін, Ішім жанып, көзіме жас толады.
629 >> Өзгеріп дүркін-дүркін ел де өтеді, Ауырса дерт те адамды меңдетеді, Жиылып өңшең жақсы бас қосқанда, Жел сөзді сөйлеп берсем нем кетеді.
630 >> Басында жәрмеңкенің күнде жиын, Жел сөзді қиыстырса несі қиын, Өлең мен өнерімді бұлдайын ба, Көрсетіп отырғанда халқым сыйын. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | |
Всего комментариев: 0 | |