Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

621 >>

Той емес, тойдың аты – той топырақ,

Өседі қия жерге жау жапырақ,

Мырза болса құдағи той жасасын,

Шүберек бере көрме бір жапырақ.

 

622 >>

Бұл тойды кім бастайды – қыздар бастар,

Аяғын жүйрік аттай көсіп тастар,

Құдалар той жасаған мырза болса,

Бас-басына әншінің шапан тастар.

 

623 >>

Су ағады арықтан шыр айналып,

Өлмегенге мал бітер бір айналып,

Оралыңның барында ойна да күл,

Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып.  

 

624 >>

Қалқатай, етің аппақ қояндайсың,

Ән салсам, үй сыртынан оянбайсың,

Бірге өскен кішкентайдан замандасым,

Дәм тартып әлдекімге баяндайсың.

 

625 >>

Берейін әнге салып жамағатқа,

Бұл өлең мұра болған азаматқа,

Осында үлкен де отыр, кіші де отыр,

Көрсем де артық болмас, саламат па?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/03/2025)
Просмотров: 25 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: