БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 616 >> Қызды неге бұлай ғып жаратасың, Қолаң шашын қайырып таратасың, Асау тайдай алшақтап жүрген басым, Қандай жанның қолына қаратасың.
617 >> Бұл үйде құралай көз, қиғаш қастар, Ай нұрлы, алма мойын, сүмбіл шаштар, Құдайым жақсы күні кездестірді, Бас қосу құтты болсын, замандастар.
618 >> Ай десеңіз айтайын айдай он бес, Асауынан үйреткен тайдай он бес, Тіршіліктің барында ойна да күл, Қайта айналып оралмас қайран он бес.
619 >> Тай құлаша, дегенде, тай құлаша, Суда балық өлмей ме жар құласа, Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Есен-аман жүрмісің-ай, құдаша
620 >> Дүние ойлап тұрсам жалған екен, Күлмеген, ойнамаған арман екен, Аққумен аспандағы ән қосушы ем, Дауысым әнге келмей қалған екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 21 | |
Всего комментариев: 0 | |