БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 611 >> Алтын таудай жер бар ма жайлағанға, Асау мініп, жас құлын байлағанға, Сары майдай балқырсың ояу жатып, Бұлбұл құстай сызылтып сайрағанда.
612 >> Жоғарыдан келемін төмендетіп, Құлан қара ат міндім шөмеңдетіп, Құры қарап отырсаң не шығады, Отырайық одан да өлеңдетіп.
613 >> Бірің өрік болғанда, бірің алма, Не көрмейді жалғанда тірі пенде, Қартайсаңыз жас жетіп сәні кетер, Жастық шақта жөн білсең күліп-ойна.
614 >> Шашырап жайылады ісек-тұсақ, Турасам қойдың еті болады ұсақ, Атасы атамыздың әнші дейді, Болайық біз деөлеңші соларға ұқсап.
615 >> Көк етігім қоншы тар кие алмаймын, Әкем менен шешемді қия алмаймын, Мен қайтейін ауылдан кетіп барам, Бауырларым жас еді соны ойлаймын. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 16 | |
Всего комментариев: 0 | |